Қазақстан мен Ресей территория алмасуы мүмкін
Қазақстан мен Ресей территория алмасуы мүмкін
9 жыл бұрын 3744

«Омскренион» ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда Ресей Федерациясының Омбы облысы мен Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысының басшылары Кремль мен Ақордаға осындай ұсыныс білдірген. «Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов территория алмасуға ниетті. Егер мұны жүзеге асырмаса, онда «Русская Поляна» кенті Омбы аймағы мен Ресейден бөлініп қалғалы тұр»,- деп айтылған хабарламада. «Бізде «»Русская Поляна» елді-мекені бар, оны облыс орталығына жалғайтын жол Қазақстан Республикасының аумағынан өтеді. Бүгіндері шекараны демаркациялау жүріп жатыр және ол аяқталатын болса, біз бұл аумақ арқылы өте алмаймыз»,- деді Виктор Назаров Солтүстік Қазақстан облысынан Омбыға келген делегация сапарының қорытындысында. Омбы облысының билігі шекараны демаркациялаумен айналысатын үкіметаралық комиссияға территория алмасу жөнінде өтініш айтып көрмек. «Біз оның орнына сондай аумақтағы, табиғаты да, климаты да ұқсас жер телімін беруге әзірміз»,- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат