ЭКСПО құрылысына Зейнетақы қорынан қаржы бөлінбейді
ЭКСПО құрылысына Зейнетақы қорынан қаржы бөлінбейді
8 жыл бұрын 2441 inform.kz Жасұлан Жолдыбаев

Зейнетақы қоры есебінен ЭКСПО құрылысына қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілермен болған баспасөз мәслиxатында ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті.

«ЭКСПО нысандарының құрылысына Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры есебінен қаражат бөлу көзделіп отырған жоқ», - деді ол тілшінің сұрағына берген жауабында.

Оның сөзі бойынша, экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыруды қолдау үшін Ұлттық қордан 15 млрд. теңге қарастырылған. Қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 30 млрд теңге көлеміндегі қаражаты экспортты қолдау жобаларына бөлу қарастырылуда. 

0 пікір
Мұрағат