Экономист елімізде қолма-қол ақшадан толықтай бас тартуды ұсынды
Экономист елімізде қолма-қол ақшадан толықтай бас тартуды ұсынды
7 жыл бұрын 2457 tengrinews.kz REUTERS/Tim Wimborne

Оның айтуынша, бұл сан қолма-қол ақша айналымын тоқтату қажеттігін білдіреді. Экономист бұл ұсынысын халықаралық тәжірибемен байланыстырып отыр. Мысалы, бүгінде Швецияда жүріп жатқан операциялардың шамамен 97 пайызы қолма-қол ақшасыз өтеді. Сондықтан, экономист Қазақстанда қолма-қол ақша айналымын алып тастауды ұсынады. Оның айтуынша, қолма-қол ақша қолданылмаса, бюджет шығыны қысқарып, салық толықтай жиналып, жалған кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны азайып, жемқорлықпен күресуге болады.

"Шенеуніктерді қолма-қол пара алып жатқан жерінен ұстап жатады және олардың ешқайсысы да қолма-қол ақшасыз пара алуға келіспейді. Сондай-ақ, Қазақстанда салық төлемеу мәселесі бар. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардан бастап жалған кәсіпкерлерге дейін салық төлемейді. Елдегі жемқорлық пен көлеңкелі экономика - биліктегілер үшін басты проблема. Мұның барлығын елде қолма-қол ақша айналымынан бас тарту арқылы алдын алуға болады", - деді Astana Best Consulting Group экономисі.

Осылайша, Арман Байғанов банк картасын ұстаушыларға қызмет көрсету жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесіне көшуді ұсынады. Оның айтуынша, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзімізге ұлттық төлем жүйесін құру керек.

"Қолма-қол ақша айналымынан бас тартсақ, дамыған 30 елдің қатарына мерзімінен бұрын енуіміз әбден мүмкін", - деп қорытындылады сөзін экономист.

0 пікір
Мұрағат