БҰҰ: Йемен алапат ашаршылық алдында тұр (видео)
БҰҰ: Йемен алапат ашаршылық алдында тұр (видео)
7 жыл бұрын 3505 24.kz

Биыл Йеменді жаппай ашаршылық жайлауы мүмкін. Бүгіннің өзінде 10 миллиондай тұрғын азық-түлік тапшылығын көріп отыр. Көпшілігі соғыс басталғалы тойып тамақ ішпеген. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен мәлімдеді. Оның айтуынша, аштық құрсауында қалғандардың 2 миллионнан астамы буыны бекімеген бала. Олардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Елде тұрақсыздық орнаған соң шетелдік қаржы орталықтары Йемен банктерімен жұмыс істеуді доғарған. Оған қоса сырттан келетін дәрі-дәрмектің де жетуі қиындады. Салдарынан созылмалы дертке шалдыққан науқастардың ауруы асқынған. Соғыс басталғалы бері мұнда 7 жарым мың адам мерт болды. 40 мыңнан астамы жараланған. Қақтығыстардың тыйылмауына байланысты халықаралық ұйымдар да тұрғындарға гуманитарлық көмекті жеткізіп бере алмай отыр.  

0 пікір
Мұрағат