Эбола вирусы елімізге келуі мүмкін бе?
Эбола вирусы елімізге келуі мүмкін бе?
2 жыл бұрын 985

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазастандағы өкілі Мелита Вуйнович Bnews.kz ақпарат көзінің тілшісінің елімізде Эбола вирусының пайда болуы мүмкін бе деген сауалына «індеттің пайда болуы» мен «індеттің таралуы» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты білу керектігін айтып, жауап қатыпты.

Аталмыш вирусты өзге елде жұқтырып, өз еліне келіп, өзгелерге жұқтыруын «індеттің таралуына» жатқызған Мелита Вуйнович оның бірнеше себептері болатынын алға тартқан. Мәселен, жуырда Эбола безгегін жұқтырған адамды емдету үшін алдымен Еуропаға, артынан АҚШ-қа аттандырған. Міне, осындай жағдайда індеттің таралу қатері пайда болады. Мұны бесіктегі бала да біледі дегенімізбен, адамдар салақтығынан бұл сақтықты ұмытып кете беретіні өкінішті. Індет қай жерде пайда болды, сол елді-мекенді немесе аумақты мүмкіндігінше оқшаулап, карантин жариялау керектігі асыл дінімізде де айтылған. Кейбір елдер, мәселен, Португалия мен Марокко «Шекараны білмейтін дәрігер» ұйымының құрамында батыс Африкада жұмыс істеп жүріп Эбола вирусын жұқтырған еуропалық дәрігерді алып бара жатқан ұшақты, тіпті, әуежайларында қондыруға да рұқсат етпеген. Париж қаласында аялдауға рұқсат алғанымен вирус жұқтырған адамның ұшақтан шықпауын қадағалаған. 4000 мыңдай адамды жалмаған Эбола вирусы кәрі құрлыққа да жеткен.  Соңғы мәліметтерге қарағанда, Эбола вирусын жұқтырған адам Испанияда тіркелген болатын. Әлемнің кез келген елінде вирустың таралу қатері барын ескерсек, Қазақстанға да сақтық шарасын күшейткен жөн. Десе де, ДДҰ өкілінің сөзіне қарағанда, Эбола вирусының Қазақстанда таралу қатері мейлінше төмен көрінеді. Алайда, арқаны кеңге салып, жайбарақаттық танытуға болмайды. 

0 пікір