ОАР-да тағы қан төгілді
ОАР-да тағы қан төгілді
2 жыл бұрын 710

Орталық Африка Республикасының астанасында тағы қан төгілді. «Анти-балака» деп аталатын христиандардың экстремистік ұйымының содырлары Банга қаласының мұсылман жамағатының жетекшісін ұстап алып, басын кесіп, денесін өртеп жіберген. Артынан Қызыл айшық ұйымының ресми тұлғалары содырлардан марқұмның сүйегін алудың сәті түсті: мұсылман ғұрпы бойынша жерлеуі үшін туыстарына табыс етті. Бұл жайында NBC News ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 29-нан бері Орталық Африка Республикасындағы ушыққан ахуалдан қаза тапқандардың қарасы 7 адамға жетті. Олардың дені – мұсылмандар. Құқық қорғаушылар мұсылмандарға көрсетіліп отырған бұл қуғын-сүргін, зорлық-зомбылыққа «геноцид» деген баға берді.

0 пікір