Дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттайтын жиын өтті
Дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттайтын жиын өтті
9 жыл бұрын 4252

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған Әдістемелік Кеңестің «Дәстүрлі рухани құндылықтар: қазіргі қоғамдағы сабақтастығы және БАҚ-тарда жариялану деңгейі» атты 2015 жылғы алғашқы отырысы болып өтті. Жиынға БАҚ өкілдерімен қатар белгілі дінтанушыар, қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыста «Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі құндылықтар және тәрбие мәселесі», «Дін мен дәстүр – егіз ұғым», «Құндылықтар сабақтастығы және оның қазіргі замандағы өзектілігі» атты баяндамалар оқылды. Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А     йнұр Әбдірәсілқызы қазіргі діни ахуал кезіндегі дәстүрлі құндылықтарды айтса, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті Тышқан Кеңшілік құндылықтар сабақтастығы жайында сөз қозғады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Тілегенова «Тектілік бастауы – рухани құндылықтар» атты баяндамасын жасады.  

Халықтың дәстүрлі рухани құндылықтарға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін бүгінгі қоғамның ерекшеліктерін ескерген басқа да дін өкілдері өз ойларымен бөлісті.  

0 пікір
Мұрағат