Биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі уақытында кіру ақылы болады
Биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі уақытында кіру ақылы болады
7 жыл бұрын 2845 tengrinews.kz lentka.com

Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың 21 мамырынан бастап қарбалас сәтте қалаға кіру ақылы болады. Сондай-ақ, жол картасының жоспарына сәйкес, сағат 7.00-ден 10.00-ге дейін мына алты бағыт бойынша: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы және Қорғалжын ақылы болатыны хабарланып отыр.

"Барлық көлік түрінің иелері көлік кептелісі болатын уақытта төлем жасауы қажет. Олар төлемді sms-хабарлама, терминал арқылы, онлайн-төлем немесе автомобиль жолдары басқармасының қызмет көрсету пункттерінде жасай алады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін екені айтылған болатын. "Біздің міндетіміз: жобаның жұмыс істеу қабілеттілігін және оны одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті барлық техникалық көрсеткіштерді анықтау болып табылады. Ақылы тұрақ - ақша өндіріп алу құралы емес, бұл көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтудың бір құралы", - деген еді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

0 пікір
Мұрағат