Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды
Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды
6 жыл бұрын 5635

2018 жылы ІТ мамандықтар саласына бөлінетін мемлекеттік грант саны артады. Бұл туралы ақпарат және байланыс министрлігінің алқасында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі басқармасының өкілі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Биыл ІТ мамандықтарға бөлінетін грант санын арттыру, ІТ кафедралар ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Біз жоғары оқу орындарында Өркениет 4.0 технологиялары бойынша құзірет орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де Өркениет 4.0 технологиялары бойынша құзірет орталығы құрылады», – дейді Еңсебаев.

0 пікір
Мұрағат