Енді елімізде мектеп оқушылары заңды түрде ақша таба алады
Енді елімізде мектеп оқушылары заңды түрде ақша таба алады
6 жыл бұрын 4891

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды.

Бұл туралы stan.kz ақпарат көзі Хабар-24 арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Құжаттың ерекшелігіне тоқталмас бұрын, бүгін Мадина Әбілқасымованың министр ретінде Мәжіліс қабырғасында алғаш рет баяндама жасағанын айта кеткен жөн. Ал заң жобасына келсек, енді жұмыс іздеген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Осыған дейін екі қолға бір күрек таппай жүргендер жұмыспен қамту орталығы мен электронды үкімет арқылы жұмыс іздеумен шектелетін.

Министрдің айтуынша, бұл азаматтардың қызметке орналасуын тездетеді. Ұсынылып отырған заң жобасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстар аясында еңбек етуіне жағдай жасайды. Енді олар Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да заңды түрде ақша таба алады. Жалпы, Мадина Әбілқасымова таныстырған заң жобасы 3 кодекс пен 5 заңға өзгеріс енгізуді көздейді.

0 пікір
Мұрағат