«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы азаматтардың идеялары мен бастамаларын қолдауға арналған crowd.kz2050.kz интернет-порталын іске қосты. Портал әрбір азаматтың жергілікті әкімдікке өз жобаларын ұсынуына, талқылауына, пікір білдіруіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қозғалыстың баспасөз қызметі.
Азаматтардың идеяларын қолдауға арналған интернет-портал іске қосылды
|
Жергілікті түрғындардың қаланы дамытуға қатысуын қамтамасыз ету үшін бұл жоба Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба ретінде қолға алынды. Тұрғындар идеяларын облыстық әкімдік ұсынған интернет ресурс арқылы жолдай алады. Мұндай жоба осы уақытқа дейін әлемнің ірі қалаларында қолға алынып, өзінің тиімділігін көрсетті.
Жоба негізгі бес қадамнан тұрады:
- Әкімдік белгілі бір мәселені дамыту немесе өзгерту туралы тақырыпты тұрғындардың назарына ұсынады;
- Тақырып интернет ресурсқа орналастырылады. Тұрғындар талқылайды, пікір білдіреді;
- Әкімдік көпшіліктен қолдау тапқан жобаны жариялайды;
- Қолдау тапқан жобаны әкімдік қалай жүзеге асырып жатқанын хабарлап отырады;
- Жобаның қалай жүзеге асырылғанын және қорытындылары қалай болғаны туралы инфографика түріндегі есеп жарияланады.
«Қазіргі уақытта краудсорсинг тәсілі бизнес, әлеуметтік немесе қоғамдық мәселелерді шешу құралы ретінде танылып келеді. Сандық технологияның мүмкіндіктерін қолдану арқылы проблемаларды оңтайландыруға арналған жоба азаматтардың талап-тілектерін қанағаттандырады деген ойдамыз. Мұндай тәжірибе Ресей, Финляндия елдерінің бірнеше компанияларында қолданылады. Алдағы уақытта жемісін беретіні даусыз», - дейді жобаның жұмыс тобы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Қытай ғалымдары полиэтиленді жанар-жағармайға айналдырды
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Мешіт салуға бел буған кәріс жігіті өз елінде исламофотар тарапынан кедергілерге тап болуда