Аз қамтылған отбасының балаларына жәрдемақы 23 жасқа дейін төленеді. 21 мың теңгені қандай отбасылар алады: Атаулы көмекті алу үшін қалай есептеу керек
Аз қамтылған отбасының балаларына жәрдемақы 23 жасқа дейін төленеді. 21 мың теңгені қандай отбасылар алады: Атаулы көмекті алу үшін қалай есептеу керек
5 жыл бұрын 11281

Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында айтқан сөзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

«Аз қамтылған отбасының балаларына берілетін жәрдемақы өзгереді. Егер бірінші шілдеге дейін ол 4 834 теңге болса, бірінші шілдеден бастап 20 789 теңге болады. Ол 18 жасқа дейін төленеді. Егер балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Бұған қоса, ата-анасының табыстары күнкөріс деңгейінен кем болса, қосымша жәрдемақы төленеді», - деді Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде халыққа ыңғайлы болу үшін, азаматтарды бекерден бекер сандалтпау үшін сұралатын құжаттардың саны азаяды. Яғни, құжат жинау рәсімі барынша жеңілдетіледі.

Кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке еліміздегі бірқатар әлеуметтік мәселені шешуді тапсырды. Олардың қатарында аз қамтылған, мүгедек баласы бар, толық емес және көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары бар.

«Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы балалы отбасыларды қолдау үшін көпбалалы жанұялардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге сомасында бекіту керек. 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 830 мың адам қамтылады, оның 550 мыңға жуығы – балалар. Бұнымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жердемақыны 30 процентке ұлғайтуды тапсырамын», - деді Съезде Назарбаев.

Президент бұған қоса, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. «Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс. Осы мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді» деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы табысы төмен, мүгедек балалары бар, көпбалалы отбасылар мен толық емес жанұялар үшін баспанаға қол жетізу мүмкіндігін арттыруды, азаматтардың бұл санатына ТҮҚЖБ арқылы жылына 2-3 процентпен тұрғын үй заемдарын беру механизмін әзірлеуді тапсырды.

Ел президенті сондай-ақ, биылғы шілдеден бастап еңбекақысы төмен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 процентке ұлғайтуды тапсырды.

21 мың теңгені қандай отбасылар алады: Атаулы көмекті алу үшін қалай есептеу керек

Қазақстанда көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгеден берілетін болды. Бұл атаулы көмек барлық отбасына беріле ме? Атаулы көмекті қалай есептейміз?

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше елбасының тапсырмасынан соң үкімет отырысында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы жайлы айтылды. Көпбалалы отбасыра мен аз қамтылған отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төленетін болды. Алайда бұл соманы алу үшін отабсының табысы күн көріс дейгейінің 70 пайызы бойынша есептеледі. Қазір елімізде күнкөріс деңгейі 29 698 теңге. Бұған дейін осы соманың 50 пайызы есептеліп, 14 мың теңге деп саналды. Енді мемлекет басшысының тапсырмасынан соң бұл табыстың 70 пайызын есептейміз. Ол 20 789 теңге. Яғни, отбасының табысын орташа есепке шаққанда осы сомадан аспауы тиіс.

Мәселен, Отбасында анасы мен әкесі 65 мың жалақасы алатын болса, екеуін қосқанда 130 мыңға шығады. Оның отбасындағы 4 баласы мен ата-анасына, барлығы 6 адамға бөлгенде 21 мың теңгеден асады. Бұндай жағдайда күн көріс деңгейінена асып тұр. Яғни, атаулы көмек берілмейді. Атаулы көмекті алу үшін жан басына шаққандағы сома 20 789 теңгеден аспауы тиіс.

Атаулы көмек 1 шілдеден бастап беріле бастайды. Мұны рәсімдеу үшін қағазбастылық жұмытар азайтылып, жеңілдіктер жасалып жатыр. Аналардың жинауы тиіс кей құжаттарын әкімдіктің өзі реттейді. 

Ал, елімізде 1 шілдеден бастап әр саладағы қызметкерлердің жалақысы артады. Қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

0 пікір
Мұрағат