Ақтөбеде мешіт қызметкерлері қаланы тазалаушыларға ас таратты (фото)
Ақтөбеде мешіт қызметкерлері қаланы тазалаушыларға ас таратты (фото)
6 жыл бұрын 4709

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті қайырымдылық шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

Мешіт қызметкерлері қала тазалығына жауапты жұмысшыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ыстық тамақ пен шай әзірледі.

«Тазалық – иманның жартысы» демекші, қала тазалығына жауапты жұмысшыларды мерекемен құттықтап, оларға ыстық тамақ пен шай әзірлеп, үлестірді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын деген ізгі тілектерін жеткізіп, еңбектеріне берекет тіледі», - деп жазды мешіттің баспасөз қызметі.

0 пікір
Мұрағат