Үстінен ұры аттап өтсе де намазын бұзбады (видео)
Үстінен ұры аттап өтсе де намазын бұзбады (видео)
6 жыл бұрын 14253 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малазияның Келантан штатындағы мешіттердің бірінде елді елең еткізген ерекше көрініс таспаға тартылып қалды. Сирек кездесетін мұндай оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Оқиға таңғы сағат алты шамасында орын алған. Дәлірегі, жамағат таңғы намазын оқып жатқан кезде. Әйелдер залында белгсіз жас жігіт жамағат сәждеге барған кезде олардың үстінен екі аттап барып, әмиян мен қалта телефонын алады да тайып тұрған. Бір қызығы, жамағаттан бірде-бір адам оны елең қылып, намазын бұзған жоқ. Қазіргі уақытта ұрыны полиция іздестіріп жатыр.

 

0 пікір
Мұрағат