Қостанайда көкөністер күн батареялардың көмегімен өсірілмек
Қостанайда көкөністер күн батареялардың көмегімен өсірілмек
6 жыл бұрын 3421

Жуырда аумағы 50 шаршы метр болатын жылыжайда қызанақ, қияр және көк шөп өсіріледі. Ал жылыжайдың иесі коммуналдық қызметтерді төлемейді. Себебі, ол күн батареяларының көмегімен жылынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көшет отырғызуға қажеттілердің барлығы дайын. Көкөністер отырғызылатын топыраққа баса назар аударылып жатыр. Бұл жолы еш химия қолданылмай, топырақ қарашірікпен байытылады. Жоба авторларының айтуынша, жылыжай бірегей әрі инновациялық болуы тиіс.

Жылыжайды пайдалану үшін құрылғыны монтаждау ғана қалды. Мұнымен қатар, жоба авторлары бұл идеяларын іске асыру үшін тек 4 мың доллар көлемінде қаражат қажет екенін айтып отыр.

0 пікір
Мұрағат