Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды
Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды
8 жыл бұрын 5132 nur.kz

Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жүргізген іс-шаралар нәтижесінде қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов – Пушкин көшелері қиылысы аумағында болуы ықтимал деген ақпарат алынды.  Тексеру барысында ақпарат расталды.

Қабылданған шаралармен Бақыт Қуанышбаев,  Арсен Таңатаров және  Әлібек Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекет ету барысында аяғына оқ тиіп жараланды.

Терроризмге қарсы іс-қимыл аясындағы заңнамаға және террорға қарсы операция режиміне сәйкес Жаманқұлов көшесіндегі № 15 тұрғын үйде фильтрациялық іс-шаралар жүргізілді.

Террористерден 5 маусымда «Паллада» дүкенінен ұрланған  2 қару алынды.

1 пікір
  • BQ
    Кылмыстык кодексте терроризм ушин олим жазасы козделген. Аталган жазаны тагайындап, когамдык жерде жузеге асырса, биршама проблема созсиз шешилер еди.
    8 жыл бұрын
Мұрағат