Ақорда Елбасының үндеуіне байланысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты
Ақорда Елбасының үндеуіне байланысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты
7 жыл бұрын 2792 tengrinews.kz Тұрар Қазанғапов

Ақорда "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға қатысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты, - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға ұсыныстардың 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша қабылданатыны айтылады.

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі,

Электрондық пошта - ap2017@akorda.kz.

Еске сала кетейік, кеше, 25 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Елбасы бұл арқылы мемлекеттік атқарушы органдардың және олардың жетекшілерінің жауапкершілігін арттыратынын, қажетті өкілеттік алатынын атап өткен еді.

0 пікір
Мұрағат