Алматы облысында Нарынқол ауданы құрылады
Алматы облысында Нарынқол ауданы құрылады
7 жыл бұрын 4275 inform.kz 7 kun.kz

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Тамыз айында Алматы облысы мәслихатының отырысында облыс құрамында Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 га болатын жаңа аудан құру және жаңа ауданға «Нарынқол» атауын беру жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жасалған еді.

“Үкімет қаулысы мен Елбасы шешімі шыққан соң, жаңа ауданның құрылатынын халыққа қуанышпен хабарлағалы отырмыз. Нарынқолға барғанда, жастардың жұмыс іздеп Алматыға ағылғанын көрдік, қалада базар жағалап жүргендерін көрдік. Сол себепті бұрынғы Нарынқол ауданын қайта құру туралы ұсыныс жасадық. Енді процедуралық жұмыстар қалды. Әзірге арнайы комиссия құрып, Нарынқолдың ғимараттарын тексеріп, келесі жылдың бюджетіне жоспар құруымыз қажет”, – деді Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазіргі уақытта Алматы облысында 16 аудан бар. Қайта құрылатын Нарынқол ауданы 17-болып тіркелмек.

0 пікір
Мұрағат