Әлем бойынша баспана қолжетімділігі жағынан Қазақстан нешінші орында
Әлем бойынша баспана қолжетімділігі жағынан Қазақстан нешінші орында
7 жыл бұрын 3119 naryk.kz

Numbeo атты ірі қолданушылар контентінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы үй бағасының айлық табысқа шаққандағы қатынасы 11,65 деңгейінде болды.

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан тізімге кірген 90 елдің ішінде 44 орыннан көрінді.

Тізімнің ең басында, ең жоғары индекс Гонконг – 38,61. Екінші орында Қытай, үшінші орында Таиланд. Бестікте сонымен қатар Вьетнам мен Сингапур бар.

Украина тізімнің сегізінші орнынан көрінді (19,92). Беларусь 13 орын (18). Ресей 36 орын (12,44).

Қолжетімділік рейтингінің ең төменінде Швеция, Ұлыбритания, Италия, Үндістан бар. Тізімнің соңында Сауд Арабиясы.

Ал ипотеканың қолжетімділігі жағынан Қазақстан 77-орында.  Бұл көрсеткіш бойынша тізімнің соңында Беларусь. Украина 89 орында.

ТОП бестікте Сауд Арабиясы, АҚШ, Пуэрто-Рико, БАӘ мен Кипр.

Зерттеуге сай, Қазақстанда жалдап тұрғанға қарағанда ипотекамен үй алу анағұрлым оңай тиімді көрінеді.

0 пікір
Мұрағат