2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі
2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі
6 жыл бұрын 4197 Әділет Мұсахаев

2020 жылдан бастап Қазақстанда шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі. Бұл жайында БЖЗҚ-ы маманы Ақмарал Сұлтанбетова Алматыда өткен семинар барысынада айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Оның айтуынша, бұл жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы болып табылады.

«Бұл дегеніңіз қызметкердің айлық табысынан 5% көлемінде жұмыс берушінің қаражат есебінен төленетін жарна. Оның артықшылығы зейнетақы өмір бойы төленеді, тіптен шартты-зейнетақы шотындағы ақша таусылып қалған жағдайда да. Сондықтан бұл жүйе жалақысы төмен деңгейдегі адамдар үшін тиімді», -дейді ол.

Мұндай зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға кемінде 60 күнтізбелік ай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаларға төленбек. Алғашқы төлемдер 01.01.2025 жылдан төлене бастайды.

Сонымен қатар мұндай жинақтар мұраға қалдырылмайды. Құнсыздану деңгейі есебімен жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдігі жоқ.

Міндеттемелер инвестициялық табыс есебімен, яғни әр салымшыға енгізілген жарналар мөлшері мен санына байланысты құрылады.

60 мыңнан аз жалақы алатын қазақстандықтарға салық азайтылады

Бұл жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Елбасының «бес әлеуметтік бастамасы» бағдарлама бойынша жалақысы аз қазақстандықтарға салық мөлшері азайтылады. Елімізде 2 млн адамға осындай жеңілдік жасалмақ.

«Салық 90 пайызға азаяды. Мәселен, жұмысшының айлығы 60 125 теңге дейін. Бұл 25 АЕК. Бұл соманың 10 пайызы, 6013 теңге міндетті зейнетақы жинағына алынады. 54 112 теңге қалды. Салық салынбайтын ең аз кіріс 28 284 мың теңге. Оны алғанда 25 828 теңге қалады. Бұл салық салынатын табыс. Салық сомасы 10 пайыз деп есептегенде 2 583 алынады. Енді 10 есеге айзайтып, 90 пайызбен есептегенде ол 258 теңге болады. Яғни төлеп жүрген 2583 теңге салық 253 теңгеге дейін азаяды», – деп мәлімдеді ұлттық экономика министрлігінде.

Осылайша елімізде жұмысшылар 29 млрд теңге қосымша ақы алады.

Салық жөніндегі өзгерістер 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізіліп, елбасы қол қойды. Енді жүйе 2019 жылдан бастап жүзеге асады. 

0 пікір
Мұрағат