2019 жылы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мектеп бағдарламасына енеді
2019 жылы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мектеп бағдарламасына енеді
6 жыл бұрын 3967 Жансая Қамбар

Жаңа пән мектеп бағдарламасына 2019 жылдан енгізіледі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауының басты бағыттарын жүзеге асыруға байланысты баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Вaq.kzтілшісі. 

«Қазір бұл оқулық дайын деп айтуға болады. Көптеген мектепте 2018 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде бастап кеттік. 2019 жылдан бастап бұл мектеп бағдарламасына енетін болады. Ендігі басқа пәндерден бұның айырмашылығы, бұл – интерактивті түрде өтетін пән. Біз портал жасап жатырмыз осыған байланысты. 10-11-сынып оқушылары Қазақстан бойынша осы порталда отырады... Қазір күнделікті немен қызығады, соған байланысты сол бизнесмендер туралы айтсақ. Мысалы, ғалымдармен бізде ой-пікір болды, Қазақстанда да ондай өзін жақсы деңгейге көтерген кәсіпкерлер көп. Солардың өмірін айта отырып, еңбекке баулуды жөн көріп отырмыз», - деді Жұмағазиев.

Еске сала кетсек, аталған пәнді енгізу туралы ұсыныс 2015 жылы беріліп, Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапқан.

0 пікір
Мұрағат