2017 жылдан бастап бала асырап алушының жасына қойылатын шектеу жойылады
2017 жылдан бастап бала асырап алушының жасына қойылатын шектеу жойылады
8 жыл бұрын 3025

2017 жылдан бастап бала асырап алушылардың жасына шектеу қойылмайды. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына жауап берген ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарланды.  

Атап айтқанда, бұл ретте зейнеткерлік жастағы адамдар да бала асырап алуына мүмкіндіктер жасалады. Осы орайда бұл қадамның тиімді нәтиже беріп, бұл бағыттағы шаралар елімізде бала асырап алу үрдісін арттыруы ықтимал.

«Асырап алушы мен асырап алынатын бала арасындағы жасқа қойылатын шектеудің алынып тасталуы асырап алынатын балалар санының артуына ықпал етеді», - деп атап өтілген комитет мәліметінде.

0 пікір
Мұрағат