WhatsApp жаңа функцияны іске қосты
WhatsApp жаңа функцияны іске қосты
6 жыл бұрын 2993 bag.kz

WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында қоңырау соғу режимін ауыстыру функциясы іске қосылды. Бұл туралы The Independent хабарлады. 

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, жаңа қызмет қолданушыларға сөйлесіп жатқан кезде аудиоқоңырауды үзбей, сол сәтте видеобайланысқа қосылуға мүмкіндік береді.

Бір режимнен екіншісіне өту үшін камера бейнесі бар батырманы басу қажет, содан кейін экранға видеоны қосуды ұсынатын хабарлама шығады.

Жаңа функция Android базасында WhatsApp-тың 2.18.4 бета-нұсқаларында қазірдің өзінде қолжетімді екені хабарланды.

0 пікір
Мұрағат