Ұқсастық та шаршатады
Ұқсастық та шаршатады
9 жыл бұрын 4347 ҚазАқпарат

Швециялық 21 жастағы Конрад Аннеруд Голливудтың атақты жұлдызы Леонардо Ди Каприоның жас кезіне қатты ұқсайтындығымен жұртты таңғалдырып келеді. Бірақ, оның әлемге танымал актерге ұқсағаны өзіне тіпті ұнамайды, деп жазады «Комсомольская правда» газеті. 

Себебі, көшеде кездескендер одан қолтаңба сұрап, бірге суретке түсуге шақырып әбден есін шығаратын көрінеді. Басында мұның бәрі қызық көрінгенімен, «жалған атақ» оны тез шаршатқан.

«Ди Каприоның өзі осынша атақты болып, шаршамай қалай жүреді екен?», - дейді Конрад Аннеруд.

Басылымның жазуынша, оның актерге ұқсастығы жеке жұмыстарының өркендеуіне де септігін тигізген. Себебі, оның актермен ұқсастығы үшін ғана әлеуметтік желідегі жеке парақшасына 40 мың адам тіркеліпті. Модель болып жұмыс жасайтын жас жігіттің танымалдылығы осылай арта түскен.

«Маған шетелге бару тіпті қиын. Былтыр Италияға барып едім, нағыз сынақ болды. Жағалауда жұрттың бәрі Лео деп айқайлап, шақырып суретке түсіріп, есімді шығарды», - дейді Конрад.

Интернет қолданушылар оның болашақта екінші Ди Каприо болып, әлемге танылатынын айтады.

0 пікір
Мұрағат