Турист боп барған орыс әйелі мұсылман боп қайтты
|
Түркияның Батман қаласына турист боп барған 53 жастағы Ресей азаматы Мирос Алла Ислам дінін қабылдады. Оны Ислам дінімен сол жердегі Авжыоғлы отбасы таныстырған. Осылайша, Алла Тағала оның көңілін Ислам дініне кең ашып, сол жерде мұсылмандықты қабылдауға ниет етеді. Ол бұл шешімін Батманның аймақтық мүфтиятына білдіреді. Мүфтият Мирос Алланың Ислам дінін қабылдауын салтанатты түрде атап өтеді. Арнайы мұсылмандықты қабылдағаны жөнінде куәлік табыстап, есімін куәгерлердің алдында "Айша" деп өзгертеді.
Сондай-ақ, аймақтың уәкіл имамы орыс тіліндегі Құран Кәрімнің тәпсірін және Дін істері басқармасының орыс тіліне аударған кітаптарын сыйға тартады.
Мұсылман болу бақытын сезінген Айша «Алла баршаға мұсылмандықты нәсіп етсін» деп дұға етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)