Католик мектебінің мұғалімі оқушыларға Құран оқытып келген
Католик мектебінің мұғалімі оқушыларға Құран оқытып келген
8 жыл бұрын 3333

Австралияда «балаларымызға Құран оқытты» деп шағым түсірген ата-аналардың дау-дамайынан кейін католик мектебінің тарих пен географиядан сабақ беретін мұғалімінің үстінен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Джесс Питтард есімді аталған пәндерден дәріс оқитын мұғалімнің оқушыларға 7-10 минут бойы қасиетті Құран аяттарын оқып келгені белгілі болды. Ата-аналар мұғалімді католик мектебінде «жат» дінді насихаттады деп айыптап отыр. Ал аталмыш білім ордасының басшылығы мұның тек тәжірибе екендігін және оны алдағы уақытта қайталамайтындарын айтып, ата-аналарды әзер сабасына түсіндірді. Бұл жайында "Лайф" ақпарат көзі «Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

1 пікір
  • BQ
    Журегинде Алла берген бир иманы коринис тауып жаткан гой.
    8 жыл бұрын
Мұрағат