Тиынның 2-ші жағы: сән индустриясын кері тартатын жайттaр
Тиынның 2-ші жағы: сән индустриясын кері тартатын жайттaр
7 жыл бұрын 3792 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір қуанарлығы, жылдан жылға мұсылмандардың сән индустриясы заман талабы мен талғамына сай өсіп-өркендеп келеді. Нақты санмен өрнектесек, 2019 жылы мұсылмандардың сән индустриясынан түсетін табыс әлем бойынша 327 млрд долларға жетіп жығылады екен. Тек аса ірі брендтер ғана емес, сонымен қатар, трендке айналғандары да өз бизнесін ашып тастаған. Мәселен, H&M секілді брендтерсіз мұсылман әйелдерін елестетудің өзі мүмкін болмай барады. Десе де тиынның екінші жағы бар: біріншіден, мұсылмандардың сән индустриясы өзінің шарықтау шегіне жетті: тіпті, климатты өзгерте аларлықтай деңгейге жеткен. Нақтырақ айтқанда, киіп жүрген киімдеріміздің елу пайызы биологиялық жойылуы мыңдаған жылдарға созылатын синтетикалық талшықтардан жасалады. Екіншіден, "жедел сән үлгісі" тенденцияға айналып отыр. Былайша айтқанда, Fast Fashion: бір жолғы пайдаланылатын киімдердің сапасы төмен. Соған орай тез тозады, алайда, ақшаны жұта, бұл өз кезегінде ысырапшылдыққа жол ашфп отыр. Бұған қоса, Fast Fashion - арзан жұмысшы күші. Аталған сән бренді дамушы елдерде сұранысқа ие. Бұл өз кезегінде жұмыс берушіні құл иеленушіге айналдырып отыр деген сөз. 

0 пікір
Мұрағат