Сирияға соққы берілді
Сирияға соққы берілді
6 жыл бұрын 4784 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірнеше күн бойы күлі әлемді шулатып, үрейде ұстаған шабуыл жүзеге асырылды. Әу баста Башар Асад режимінің әскері Гутада бейбіт халыққа химиялық қару қолданғаны турасындағы ақпарат әлем жұртшылығын әбігерге салған болатын. Башар Асад режиміне қырын қарайтын батыстың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған дерек рас болса, Сирия билігінің өз халқына тыйым салынған қаруды қолдануы бір бұл емес. Осыны желеу еткен АҚШ, Ұлыбритания және Франция коалициясы Сирия аумағындағы химиялық қару әзірлейтін кәсіпорынға әуеден соққы берді. АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис алғашқы соққы берілгені турасында рапорт беріп үлгерді. Бұған қоса, тағы соққы беру мүмкін екенін жоққа шығармады. Ал Ұлыбританияның премьер-министрі Терезе Мэй бұл шабуыл Сирия аумағындағы жағдайды ушықтырмайтынын айтып сендіріп бақты. Ол Башар Асад режимін құлату үшін де шабуыл жасалмағанын мәлімдеді. Ұлыбритания премьер-министрі бұл шабуылдың мақсаты тыйым салынған химиялық қару дайындайтын ошақтардың көзін құртуға саятынын жеткізді. Десе де АҚШ бастаған батыс елдерінен Башар Асадтың өз халқына химиялық қару қолданғаны жөнінде бұлтартпас айғақ сұраған Ресей билігінің мәлімдеуінше, АҚШ бастаған батыс елдері Сирияны өзара бөліп алу үшін түрлі жала жауып, өздері ойдан шығарған жаланы желеу етіп, біратола бас көтерместей етіп тұқыртуды көздейді. Франция билігі Башар Асад режимінің өз халқына қарсы химиялық қару қолданғанын дәлелдейтін айғақ барын айтқанымен Ресей тарапын он қолдан жасалған деп сенбестік танытып отыр. 

0 пікір
Мұрағат