Қырғи қабақ соғыстың қайтып оралғаны ресми жарияланды
Қырғи қабақ соғыстың қайтып оралғаны ресми жарияланды
6 жыл бұрын 11911 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Тарих қайталанады". Бұл - аксиома. Яғни, дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өйткені, адамзаттың өмір сүру салты түрленгенімен құлқы өзгермейді. Қарт тарих қойнауына сүңгіп, КСРО-ның ыдырауымен келмеске кеткендей көрінген қырғи қабақ соғыстың тура мағынасында қайтып оралғаны турасында мәлімдеді Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде. Қырғи қабақ соғыстың қайтып оралғаны БҰҰ бас хатшысының аузымен айтылды. Халықаралық қатынас қатерлі сипат алып келеді. Күннен-күнге. БҰҰ бас хатшысы осылай дей келе кезінде КСРО мен АҚШ бастаған батыс елдері арасындағы қырғи қабақ соғыстан бұл жолғысының (Ресей мен АҚШ) айырмашылығы сонда: екі есе қатерлі екенін жеткізді. Бұрынғы қырғи қабақ соғыс кезінде жағдайдың одан ары ушығуына жол беруі мүмкін барлық қатер бақылауда болды. Бұдан біраз уақыт бұрын БҰҰ бас хатшысы қырғи қабақ соғыс кезіндегі барлық байланыс арналарын қалпына келтіру қажеттілігін алға тартты. Кез келген сәтте қураған шөпке тиген оттай лап ете қалуы мүмкін қатердің алдын алу үшін. 

0 пікір
Мұрағат