Сирия дағдарысы Ливан үшін 20 000 000 000 долларға түсейін деп тұр
Сирия дағдарысы Ливан үшін 20 000 000 000 долларға түсейін деп тұр
2 жыл бұрын 905

Төртінші жылға созылған Сириядағы азаматтық соғыстан ең алдымен онымен шекаралас көрші Ливан елі үшін 20 млрд-тан аса доллар шығын шегеді екен. Бұл жайында осы елдің әлеуметтік министрі Рашид Дербас мәлімдеді. «15 жылға арналған инфрақұрылымды елдегі 1,1 млн сириялық босқындардың  жиі әрі қарқынды пайдалануына байланысты әр екі жыл сайын жаңалап отыруға тура келеді»,- деді ол сөзін толықтырып. Сондай-ақ, ол энергиялық ресурс бойынша көп шығын шегіп отырғандарын да жайып салды. Электр энергиясын тұтынғанымен сириялық босқындардың оның ақысын төлейтін қаржысы жоқ. Сириядағы азаматтық соғыстан Ливанның туризм саласы да қатты шатқаяқтап, кері кеткен. Осы уақыт аралығында Ливанға ағылатын туристердің қарасы жарты миллионға кеміп кеткен. Бұған қоса, сириялық босқындарға арналған, Ливанға уәде етілген халықаралық көмекті әлі күнге ала алмай отырғандарын да жасырмады.

0 пікір