БАӘ-де алғашқы ядролық реактор 2017 жылы іске қосылады
БАӘ-де алғашқы ядролық реактор 2017 жылы іске қосылады
2 жыл бұрын 1169

Біріккен Араб Әмірліктерінде алғашқы ядролық реактор 2017 жылы пайдалануға беріледі. Emirates Nuclear Energy Corporation-ның бас директоры Мұхаммед әл-Хаммади Әбу-Даюиде өткен араб энергетиктерінің жиынында осындай мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол қалған өзге реакторлар 2020 жылға дейін толық іске қосылатынын да жайып салды. Бұл өз кезегінде елдің энергияға деген қажеттілігінің 25 пайызын өтейтін болады. Оның айтуынша, алғашқы ядролық реактордың 61 пайызы дайын. Екінші және үшінші реакторларға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын да жеткізді. Екінші реактор 2018 жылы іске қосылатынын да жасырмады.

0 пікір
Мұрағат