Siemens компаниясы электромобилді көлікті жетілдіретін болды
Siemens компаниясы электромобилді көлікті жетілдіретін болды
2 жыл бұрын 1155

Немістер Siemens электр қуатымен жүретін автокөлікті жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технологияны қолға алмақшы. Нақтырақ айтқанда, автокөлік иесі көлігін тоқтатқысы келсе, тежеу жүйесін іске қосады. Siemens мамандары әзірлеп жатқан, электр қуатымен оталатын әрі жүретін StreetScooter көлігі осы заманғы автокөліктердің ең озық үлгісі болып саналады. «Бүгінгі таңда электрмобилді автокөлікке 100-ге тарта компьютерлік модуль орналастырылған. Әр модулдің өз «міндеті» бар: қозғалтқыш диагностика, көңіл көтеру, т.б. толып жатқан модулдер арқылы жүргізуші өзіне керектісін пайдаға жарата алады»,- деді осы жобаның жетекшісі Корнел Кляйн Gizmag порталының тілшісіне берген сұхбатында. Аталмыш автокөлік осы заманғы смартфон құрылғысына көбірек келеді десе де болады. Жүргізуші көлікті әмбебап компьютер арқылы басқарады.

0 пікір