Қытайдың 24 аймағында «Қара жорға» биі биленді (видео)
Қытайдың 24 аймағында «Қара жорға» биі биленді (видео)
9 жыл бұрын 4464

Қытайдағы қазақ студенттері белсенділерінің бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай есте қаларлық ерекше шара өткізді. Яғни, осы елде білім алып жатқан қазақ жастары Қытайдың 24 аймағында мерекелік шара өткізіп, «Қара жорға» биін биледі. «Бұл біздің Қазақстан мәдениеті мен тарихына көрсеткен құрметіміз әрі қандастарымызға тартуымыз»,- деді осы елдегі қазақ студенттері бірлестігінің өкілі әрі Аньхой провинциясына қарасты Хуайбэй қаласындағы Халықаралық саясатты зерттеу орталығында тағылымдамадан өтіп жүрген Жігер Қабынұлы. Оның айтуынша, бұл мерекелік шараға 3 мыңға жуық қазақ студенттері атсалысқан. Олар тек Синьцзян-ұйғыр автономды ауданында ғана емес, сонымен қатар, Хэнань, Цзянсу, Аньхой, Чжэцзян, Сычуань, Цинхай, Ганьсу, Гуандун секілді провинцияларда және таулы Тибет аймағында, сондай-ақ, Қытайдың өзге өңірлерінде де өнерлерін паш етті. Жігер Қабынұлы Бейжің мегаполисіндегі Тяньаньмэнь алаңында және Ұлы Қытай қорғанында «Қара жорғаны» билеп, өнерімен тәнті етті. Сөз реті келгенде айта кетейік, Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінде осы елде тұрып жатқан қазақ диаспорасынан 15 мыңнан аса азамат мүше. 

0 пікір
Мұрағат