Құран фестивалі өтеді
Құран фестивалі өтеді
8 жыл бұрын 2512 muslim.kz

Наурыз айының 27-жұлдызында Мәскеу қаласындағы Орталық мешітте Құран фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Ресей федерациясы мұсылмандарының діни басқармасы, Ресей мүфтилер кеңесі, Мәскеу мұсылмандарының діни басқармасы және «Закят» қорының қолдауымен өтетін ауқымды шараға алыс-жақын шет елдерден арнайы қонақтар шақырылып отыр.

Фестиваль барысында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мүбәрак шашы жамағатқа көрсетілетін болады. Сондай-ақ, 3 000 шаршы метр жерге Құран каллиграфиясының көрмесі жайылып, «Құраннан нәр алған» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат