Қасиетті Қағбаны кімдер және қалай жуады? (видео)
Қасиетті Қағбаны кімдер және қалай жуады? (видео)
7 жыл бұрын 6576 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі исі мұсылманды өздері қажылық парызын орындайтын қасиетті Қағбаны кімдердің және қалай жуатыны қызықтыратынын сөзсіз. Al Arabiya ақпарат көзі жуырда қасиетті Қағбаның жуылу сәтін таспаға тартып алып, эфирден көрсеткен екен. Қағбаны жууға көлденең көк атты былай тұрсын, кім көрінген қатыса алмайды. Оны танымал мұсылман тұлғалары, соның ішінде, Саудия королі өз қолымен жуады. Қағбаны зәм-зәм суымен жуатынын да айта кету керек. Ал еденін палма жапырақтарымен жуады. Оны жууға бас-аяғы екі сағат уақыт кетеді екен. 

 

0 пікір
Мұрағат