Қажет жағдайда мешітке немесе коттеджге айналатын мешіт туралы естіп пе едіңіз?
Қажет жағдайда мешітке немесе коттеджге айналатын мешіт туралы естіп пе едіңіз?
7 жыл бұрын 3828 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Буиндік «Камиле» мешіті "заңсыз жолмен соғылған құрылыс" ретінде әлеуметтік желіде танымал болған шағын ғибадат ғимараты. Ресейдің бірқатар аймағы оның сүрілуіне мүдделілік танытып отыр. Сәулеті қарпайым болғанымен құрылысы өзгеше мешіт қауіп төнген жағдайда хамелеон сияқты кәдімгі коттеджге айнала алады. Ал басқа уақытта мұсылмандардың құлшылығын өтейтін орын. "Мешіт "заңсыз салынған" деп сүрілетін қауіп төнсе, сол сәтте кәдімгі тұрғын үй бола салады, ал мұнарасы санаулы сағаттың ішінде көрші үйге жасырылады",- деді блогер Расул Таудиряков. Айта кетейік, РФ-ның Екатеринбург, Жаңа Үрген, т.б. аймақтарында жергілікті билік өкілдері басында мешіт салуға рұқсат бергенімен, артынан олардың сүрілуіне сот арқылы қол жеткізген болатын. Мұндай жағдай Калиниградта да байқалып отыр. Ал Мордовияда билік бес мешіттің құрылысын заңсыз деп тауып отыр. Сондай-ақ, Пятигорскде де тура осындай жағдай қалыптасқан. Аймақтағы жергілікті биліктің райынан қайтқан болып, түрлі желеуді алға тартып,екіжүзді саясат ұстанғаны мұсылмандарды да осындай қулыққа итермелеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат