Promt мәтінді қазақ тіліне аударатын бағдарлама жасады
Promt мәтінді қазақ тіліне аударатын бағдарлама жасады
2 жыл бұрын 922

PROMT қазақстандықтар үшін өзгеше ұлттық жобаны қолға алды: аударма құралы құжаттарды қазақ тілінен орысшаға және ағылшыншаға, сондай-ақ, орысшадан және ағылшыншадан қазақ тіліне автоматты түрде аз уақыттың ішінде тәржімалайтын болады. Бұл жайында Total.kz ақпарат агенттігі хабар таратты аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, 100 беттік құжатты аударуға шамамен 1,5 минут кетеді. Бұған қоса, құжаттың түпнұсқалық құрылымы сақталатын болады. Автоматты аударманы тек компьютер арқылы ғана емес, сонымен қатар, смартфон немесе планшет арқылы да пайдалануға болады. Бұл құралдың тағы бір артықшылығы сонда, ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік береді: мәтін компания серверінде аударылатындықтан үшінші бір тұлға оны оқи алмайды. Яғни, құпиялылығы сақталады. 

0 пікір