Пластикті «жейтін» бактериялар табылды
Пластикті «жейтін» бактериялар табылды
8 жыл бұрын 3710 ҚазАқпарат

Жапониялық ғалымдар пластикті жейтін бактерияларды анықтады. Оларды осындай қалдықтарды қайта өңдеуге пайдалану жолдары іздестірілуде.

Бұл үдеріс көпке созылады, алайда мамандардың пайымынша, Ideonella sakaiensis көмегімен пластик қоқысымен күресудің жаңа қауіпсіз әдістерін құрастыруға болады.  

2013 жылы шамамен  56 млн тонна PET (полиэтилентерефталат негізіндегі пластик)өнім өндірілді. Олардың жартысы ғана пайдаға асырылады. Бұл материал қоршаған орта үшін қауіпті. Бір пластик бөтелке табиғатта 450 жылда ыдырайды, ал мұхитта бұл үдеріс тезірек жүреді, алайда ол судың химиялық ластануына әкеледі.

Ғалымдардың ойынша, бактериялар кей мәселелерді шеше алады. Ideonella sakaiensis PET-пластиктің 250 жобасын сынау кезінде табылды. Бактериялар жасанды материалды азыққа айналдыратын  энзимдерді пайдаланатыны белгілі болды. Жұқа PET-пленканы «жоюға»  алты апта қажет болды. Алайда сапалы өнімді ыдыратуға әлдеқайда көп уақыт керек.

0 пікір
Мұрағат