Пәкістан мен Үндістан арасында ядролық соғыс бола қалған жағдайда...
Пәкістан мен Үндістан арасында ядролық соғыс бола қалған жағдайда...
5 жыл бұрын 5269 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2025 жылға дейін Пәкістан мен Үндістан ядролық арсеналын 400-ден 500 зарядқа дейін арттыратын болады. Кашмир дауына байланысты екі елдің арасында ядролық соғыс бола қалған жағдайда бір апта шамасында кем дегенде 50 млн, әйтпесе 125 млн адам қырылады. Бұл жайында Ars Technica ақпарат көзі Рутгерса (Rutgers University) университетінің  америкалық ғалымдарының Science Advances мерзімді басылымында жарияланған, осы бағытта жүргізген зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Яғни, екінші дүниежүзілік соғыстан 2,5 есе көп болмақ құрбандар саны. Сарапшылардың есебінше, ядролық соққыдан бірден 100 млн адам қырылады. Бұдан бөлек, ядролық шабуыл нәтижесінде ғаламдық вегетациялық процесс 20%-дан  35%-ға дейінгі диапозонда төмендеп, мұхиттардың өнімділігі 5%-дан 15%-ға дейінгі диапозонда кемитін болмақ. Нәтижесінде аштық жайлап, тағы бірнеше млн адам баудай түспек. «Бүгінгі таңда ондаған мемлекет ядролық қаруға ие, алайда, тек Пәкістан мен Үндістан ғана өздерінің ядролық арсеналын шапшаң арттыру үстінде»,- деді Нью-Брунсвиктегі Рутгерс университетінің экологиялық факультетінің құрметті профессоры Алан Робок (Alan Robok).  Бір-бірімен қырғи-қабақ екі ел басшылары ядролық соғыстың салдары қандай болатынын әркез есте ұстауы тиіс. Америкалық ғалымдардың талабы осындай. Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында «Үндістан Пәкістанмен Кашмир дауына байланысты ядролық доктринасын қайта қарастырады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/undistan-pakistanmen-kashmir-dauyna-bailanysty-yadrolyq-doktrinasyn-qaita-qarastyrady-12260/#gsc.tab=0)  хабарымызда шетжағалап айтып өткеніміздей, ядролық соғысты алдымен үнді тарапы бастауы мүмкін. Пәкістан халқының саны Үндістан халқының санынан жеті есе кем болса да. Сарапшылардың есебінше, екі елдің ядролық арсеналы 500 зарядқа дейін арттырылса, олардың әрбіреуінің қуаты 15 килотоннаға жететін болады – 15 мың тротилге эквивалент болмақ, яғни, 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тасталған бомба қуатына тең. Мақала авторларының жазуынша, Үндістанның стратегиялық қарудың 100 данасын пайдаланады. Пәкістанмен соғыса қалған жағдайда. Ал Пәкістан 150 данасын қолданады. Атмосфераға 16 млн-нан 35 млн тоннаға дейін қарақұрым күйе немесе ыс бөлінеді. Бұл күйе күн көзін көлегейлеп, ауаны жылытады. Нәтижесінде түтінге айналып, жоғарыға көтеріледі. Мұның нәтижесінде күн көзін көлегейлеп тастайды. Мұның нәтижесінде жерге түсетін күн шуағы 20%-дан  35%-ға дейін кемитін болады. Осының нәтижесінде ядролық қыс орнайды. Жауын-шашынның түсуі кем дегенде 15% немесе 30%-ға азаяды. Ал өсімдіктер 15%-дан 30%-ға дейінгі диапозонда кемиді. Күллі әлем зардап шегеді. Әлбетте, Пәкістан да, Үндістан да Америка құрама штаттары немесе Ресей Федерациясы секілді ядролық арсеналға ие болмаса да аталған екі елдің ядролық арсеналын қоса алғанда әлемдегі жаппай қырып-жоятын қарудың 93% әлеуетіне ие екенін астын сызып тұрып айта кету керек, яғни, аталмыш екі елдің ядролық арсеналында 13900 ядролық заряд бар. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, екі ел де өздерінің ядролық арсеналын тоқтатпай арттыру үстінде. Қазіргі уақытта Үндістанның 140 ядролық заряды бар, 2025 жылға дейін олардың санын 200 жеткізуді көздеп отыр. Ядролық соғысты болдырмаудың жалғыз жолы бар – жаппай қырып-жоятын қарудың бірін қалдырмай жою.

0 пікір
Мұрағат