МЬЯНМА БИЛІГІ МЕШІТ ПЕН МЕДРЕСЕЛЕРДІ СҮРІП ТАСТАУҒА ПӘРМЕН БЕРДІ
МЬЯНМА БИЛІГІ МЕШІТ ПЕН МЕДРЕСЕЛЕРДІ СҮРІП ТАСТАУҒА ПӘРМЕН БЕРДІ
8 жыл бұрын 2902 muslim.kz

Мьянма мемлекетінің Ракхайн штатының билігі ондаған мешіт пен медресені сүріп тастауға бұйрық шығарып отыр.

Штаттың қауіпсіздік министрі, полковник Хтейн Линн хабарлағандай, Монгдо қаласындағы 9 мешіт пен 24 медресе, Бутхидонг қаласындағы 3 мешіт пен 11 медресе сүріліп тасталмақ. Штат биілігі өздерінің бұл шешімін құлшылық ордаларының құжаттары дұрыс болмауы себепті деп түсіндіріп отыр.

Айта кетейік, Мьянмадағы ең кедей штат саналатын Ракхайндағы рохиньялық мұсылмандар саны 125 000-ның үстінде. Олардың көбісінің азаматтығы жоқ.

Аймақта жаңа мешіттер мен діни мектептер салуға сонау 1962-жылдан бері тыйым салынған болатын.

1 пікір
  • Мұсылман елдері неге осы мәселені БҰҰ деңгейінде көтермейді????
    8 жыл бұрын
Мұрағат