Мұсылман жастар өзгеше рухани шараны қолға алды
Мұсылман жастар өзгеше рухани шараны қолға алды
8 жыл бұрын 2872

Мавританияның мұсылман жастары «Бірге оқиық» деп аталатын өзгеше шараға ұйытқы болды. Мақсаты: арнайы кітапхана ашып, жұртшылықты кітап оқуға ынталандыру. Аталмыш шара аясында кітапханаға өздері оқып ұнатқан кітаптарын әкеліп, әсерімен бөлісіп, өзгелерге оқып көруге ұсынады. Яғни, кітап алмасу арқылы бір-бірінің білімін толықтыруды мақсат етеді. Кітапхана жазылған (тіркелген) кез келген адам бұл шараға қатыса алады. Аз уақыттың ішінде жуырда ашылған аталған кітапханаға түрлі жанрдағы жүздеген кітапты тарту еткен.

0 пікір
Мұрағат