"Киіміне қарап қарсы алу" тәжірибесі Интернетте 11 миллион рет көрілді
"Киіміне қарап қарсы алу" тәжірибесі Интернетте 11 миллион рет көрілді
2 жыл бұрын 1786

Америкалық пранкердің жасаған тәжірибесі YouTube каналында 11 миллионнан астам көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джош Палер Лин "киіміне қарап қарсы алу" қаншалықты рас екенін тексеріп көрді. Алдымен Джош мейрамханаға қаңғыбас сияқты киініп келген оны қызметкерлер ақшасы болса да табалдырықтан аттатпай қояды. Бір сағат өткен соң Джош дәл сол ғимаратқа Ferrari көлігін мініп, дұрыс киініп келеді. Мейрамхана қызметкерлерінің де оған деген қарым-қатынасы бірден өзгереді. Джош қызметтен бас тартып, мейрамхана қызметкерлеріне кез келген тұтынушыға қызмет көрсету керектігін ескертіп кетеді. Осыдан кейін пранкер әрекетін өзінің YouTube каналына жүктейді. 

0 пікір