Жеткіншектердің болашағына қауіп төніп тұр
Жеткіншектердің болашағына қауіп төніп тұр
3 жыл бұрын 1176

Осыдан біраз күн бұрын Ұлыбританиядағы бірқатар білім ошақтарына қатысты «ислам діні насихатталып жатыр» деген қауесет тарап, оның арты  дау-дамайға ұласып, бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапқан болатын. Осыны желеу еткен құзырлы орындар аталған мектептерді жиі тексеріп, оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіруде. Негізсіз күдіктен, аты-жөнін жасырған әлдекімнің жаласынан жапа шеккен оқушылар келешегіне алаңдаса, мұғалімдер өздерінің мансабына кесірін тигізе ме деп қауіптеніп отыр.

«Жаңалықтардан көрсетіп жатқанына байланысты көзтүрткіге айналып, адамдар бізді сыртымыздан сыбауы мүмкін. Кейін жоғары оқу орнына түсуімізге кедергі келтіріп, кесірін тигізе ме деп қауіптенеміз»,- деді Бирмингемдегі Парк Вью мектебінің 11 жастағы оқушысы.ф

0 пікір