Жердегі ең үлкен шатқал табылды
Жердегі ең үлкен шатқал табылды
8 жыл бұрын 4469 ҚазАқпарат

Геологтар Антарктида мұзының астынан ғаламшардағы ең үлкен шатқалды ашты - оның ұзындығы мың шақырым, кейбір учаскелерінің тереңдігі шақырымға жуықтайды. Бұл ашылым жөнінде Geology журналында жарияланды, деп хабарлады Lenta.ru.

Атауы әлі қойылмаған шатқал спутниктік суреттермен жұмыс  кезінде табылды.  Оның нобайы георадиолокация арқылы анықталды: радиотолқындар мұз астына жіберілді және радар тәрізді толқындармен бейнеленген жасырын құрылымдары анықталды.

Шатқал Шығыс Антарктидадағы Елизавета ханшайым жерінде (1931 жылы болашақ патшайым Елизавета ІІ құрметіне аталған) орналасқан. Ғалымдар ол антарктидалық мұз қалқаны құрылған кезге дейін болған ба, әлде кейіннен мұз астындағы су ағысы арқылы пайда болған ба - ол арасы әзірге белгісіз деп отыр.

Геологтар шатқал бұдан бұрын белгісіз, мұз астындағы ауданы 1250 шаршы шақырымдық көлмен байланысты болуы мүмкін деп пайымдайды.

«Таңғаларлығы, мұндай ауқымды нысандарды ғалымдардың қазір тауып отырғаны. Антарктида рельефі жайында Марс бетіне қарағанда білеріміз аз. Мұз астындағы  жасырын ландшафт туралы ақпарат біздің мұз қалқаны климаттық өзгерістерге қалай әсер ететінін білуімізге мүмкіндік береді», - деп мәлім етті зерттеудің жетекші авторы Стюарт Джеймисон.

Бұдан бұрын Жер бетіндегі ұзын шатқал болып 2013 ашылған Грендландиядағы мұз астындағы нысан саналып келді. Оның ұзындығы 750 шақырым. Аризона штатындағы кеңінен танымал Үлкен шатқалдың ұзындығы небәрі 445 шақырымды құрайды.

0 пікір
Мұрағат