Айфон қаптамасы 9 жасар қыздың аяғын күйдіріп жіберді (фото)
Айфон қаптамасы 9 жасар қыздың аяғын күйдіріп жіберді (фото)
8 жыл бұрын 3631 24.kz Г.Абилова

Британияда тұратын 9 жасар оқушы Оливияның анасы оның iPhone 5c смарфтонына арналған көз жауын аларлықтай әдемі қаптаманы сыйлады. Бірақ, New Look брендімен шығарылған қаптама оны аз ғана уақыт пайдаланған қыздың сан етін қып-қызыл етіп күйдіріп, кетпестей таңба қалдырған, деп хабарлайды The Telegraph. Бұған қаптаманы қозғаған кезде аударылып-төңкеріліп тұратын оның ішіндегі химиялық сұйықтық себеп болған. Өйткені Оливия ұйықтап кетіп, оның астында қалып қойған қаптаманың пластигі жарылған. Сол кезде оның ішіндегі сұйықтық сыртқа төгіліп, оқушының сан етін күйдіріп жіберген. Оливия түскен ауруханадағы дәрігерлердің айтуынша, енді күйіктің ізі оның сан етінде өмір бойы қалуы мүмкін. Сыртқы беті жылтырауық қаптама шамамен 3 мың теңге (8 доллар) тұрады екен. Қазір оқиғаға байланысты New Look дүкендерінде бұл қаптаманың саудасы тоқтатылды. Бірақ, жеке дүкендер мен онлайн-дүкендерде мұндай аксессуардың әлі нешеуі сатылып жатқандығы белгісіз.

0 пікір
Мұрағат