Жалғыз өзі әлемдегі ең алып Құранды ағаштан ойып жасауда (ВИДЕО)
Жалғыз өзі әлемдегі ең алып Құранды ағаштан ойып жасауда (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 2527

Сириялық суретші Рияд әл-Ради жалғыз өзі әлемдегі ең алып Құранды ағаштан ойып жасамақшы. Сbрияның Дераа қаласынан шыққан ол бүгінде Иорданияда өмір сүріп жатыр. Соғыс өртінен бас сауғалаған ол еріксіз көрші елге қоныс аударған. Қазіргі уақытта шекараға жақын Ирбид қаласында қолөнерші боп күнелту үстінде.

«Иорданияға келгенімде осы шеберхананың қожайын кездестірдім. Ол маған аяғымнан тұруға көмектесіп, ақыр соңы ойға алған жұмысымды жүзеге асыратын сәт туды. Бұл – менің 2005-жылдан бергі жоспарым. Әлемдегі ең алып ағаштан ойылған Құран! Қазіргі уақытта 42 бетін аяқтап үлгердім», – дейді ол.

Оның айтуынша, қасиетті Құран Кәрімнің әр бетін дайындаудың өзіне бір ай уақыт кететін көрінеді. Әр беттің биіктігі –  3 метр, ені – 1,85 метрді құрайды. Ол бұл туындысының құны 2 млн долларға жетуі мүмкін дейді. Уақыт пен ауа-райының сынына шыдас беретін ағаштар мен қажетті жабдықтар үшін осы уақытқа дейінгі жұмсағаны шығыны 34 мың доллар болған көрінеді.

0 пікір
Мұрағат