"Иранның түпкі мақсаты - Меккені қоластына қарату"
"Иранның түпкі мақсаты - Меккені қоластына қарату"
7 жыл бұрын 3829 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы билігі Ирамен өзара түсіністікке қол жеткізетін бірде-бір мүмкіндікті көрмей отырғандарын мәлімдеді. Бұл жайында Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Салман Таяу Шығыстағы телеарналардың біріне берген сұхбатында айтып қалды. Министрдің айтуынша, Иран билігі экстремистік бағытты ұстанып отыр. "Иран режимі мен біздің арамызды жақындастыратын ілік жоқ",- деп кесіп айтты. Оның сөзіне қарағанда, Иран билігінің түпкі мақсаты Сириядағы шиттерді қорғау емес, қасиетті Мекке қаласына ие болуға саяды. Әлем мұсылмандарының алтын бесігіне ие болу арқылы геосаясатта өз ұпайын түгендегісі келеді. Осылай дей келе ол: "Иранға қарсы тұру үшін Сауд Арабиясы өз аумағында әскери іс-қимылдарды күтіп отыра алмайды" деп екіұшты тіл қатты. 

В Саудовской Аравии отреагировали на информацию о конфликте с Египтом

Ал Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман әл-Сауд ел арасына тараған "Мысыр мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынасқа сызат түсті" деген қауесетке орай MBC телеарнасы арқылы жауап қатты: "Мысырмен арадағы қатынасымыз жақсы, оған ешнәрсе салқынын тигізе алмайды". Осылайша лауазымды саясаткер сарапшылар айтып жүргендей немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, қаскүнемдер екі елдің арасы туралы мұндай  арандату мақсатында қауесет таратып отыр. Нақтырақ айтқанда, осындай қауесеттің тууына Иранды кінәлап отыр. "Жалған ақпарат таратты" деп. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясы мен Мысырлық Синай түбегі арасын жалғайтын көпірдің құрылысы 2020 жылы басталатынын тағы бір еске салып өтті. Аталған көпірдің ұзындығы жоба бойынша 7-10 шақырымға созылады.  

0 пікір
Мұрағат