Фастфуд сататындардың сізден жасыратын 12 құпиясы
Фастфуд сататындардың сізден жасыратын 12 құпиясы
7 жыл бұрын 4925 reactor.inform.kz

Фастфудты сүйсініп жемейтін адам кемде кем. Ендеше, оны сататындардың бізге ешқашан айтпайтын 12 құпиясын біле жүрейік. 

1. Барлық тағамның дәмі бірдей

Барлық фастфуд тағамдарының дәмі бірдей болатынын байқаған шығарсыз? Ендеше, оның сыры мынада. Адамдарға ащы, тәтті тағамдар ұнайды. Сол себепті фастфуд жасаушылар өз өнімдерінің барлық адамға ұнағанын қалайды. Сондықтан барлық дәмді біріктіруге тырысады.

2. Бургерлер әп-сәтте әзірленеді

Бургер 30 секундта әзірленеді. Себебі ет аспаздың қолына түскенге дейін әбден қатырылады.

3. Жеуге жеңіл

Фастфудты ұзақ шайнап отыру қажет емес. Жеуге де, қорытуға да жеңіл.

4. Түсі тәбетті арттырады

Қызыл, сары түстер фастфудта тегін қолданылмайды. Олар адамның тәбетін оятып, қызықтырып тұрады.

5. Ең басты мақсат – сізге көбірек сату

Ғалымдар ұсынған нәрседен бас тарту қиын екенін анықтады. Кез келген адам фастфуд алғанда ойлағанынан көбірек алады. Себебі сатушылар фастфудқа қосымша тағы бірдеңе алуды ұсынады.

6. Орташа кола – үлкен кола

Сусындар сатылымын арттырудың ең қарапайым тәсілі – әр порцияның көлемін көбейту. Мәселен коланың ең үлкенін ойлап табады. Ал адамдар әр кез орташасына жүгіреді. Шын мәнінде бұл сатылымды арттырудың таптырмас тәсілі.

7. Оттан түсірілген ет — бұл иллюзия

Бургердің оттан алынғаны тәбетті арттырады. Бірақ шын мәнінде ол ас үйде отқа қақталмайды. Бұл зауытта мұздатқаннан кейін жасалады. Кейін оған түтіннің иісін сіңіреді.

8. Салат салауатты өмір салтына негіз болмайды

Салаттың жеңіл тағам екені жиі айтылады. Шын мәнінде олардың құрамында калория өте көп болуы мүмкін.

9. Сапасыз кофе

Бағасы төмен мекемелердің басым бөлігі пенопласт стақандарға құйылған кофе ұсынады. Ал пенопластың құрамында химиялық компонент стирол бар. Ол ыстық сұйықтық араласқанда бөлініп, адамның жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қағаз стақандардағы кофені алған жөн.

10. Фастфудтағы жұмыртқа – жай жұмыртқа емес

Таңғы ас немесе жеңіл тамақ ретінде ұсынылатын жұмыртқа құрамында қоспа бар. Ол қоспа глицериннен, диметилполисилоксан және кальций силикатынан тұрады. Сондықтан жұмыртқаны үйде өзіңіз қуырып жеген жақсы.

11. Бөтелкедегі кола мен мейрамханадағы кола екі түрлі

McDonald’s-тан сатып алған коланың бөтелкедегі колалардан тәтті екенін байқаған боларсыздар. Шынында екеуінің дәмі бірдей. Бірақ фирмалық концентраттар мейрамханада сумен араластырылып, газдалатындықтан дәмдірек болады.

12. Тамақты тапсырыспен алғызбаңыз

Егер түскі асқа фри картобы мен гамбургер жемек болсаңыз, оларды тапсырыспен алғызудың қажеті жоқ. Жылдам әзірленетін тағамдар ұзақ сақтауға келмейді. Мәселен фри картоп тек бес минутта дәмді болып, одан кейін дәмін жоғалта бастайды. Сол себепті асханадан сізге жеткенше бар қасиетін жоғалтады.

 

0 пікір
Мұрағат