Өлім жазасына кесілген кәмелет жасына толмағандар саны қанша?
Өлім жазасына кесілген кәмелет жасына толмағандар саны қанша?
7 жыл бұрын 3225 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Иран билігін қылмыс жасаған кәмелет жасына толмағандарды өлім жазасына кесуден бас тартуға шақырды. "Иран адам құқығы жөніндегі халықаралық құқық талаптарын сақтауы тиіс",- деп айтылған БҰҰ-ның ресми мәлімдемесінде. Сарапшылардың айтуынша, түрме қабырғасында өлім жазасын күткен жасөспірімдердің психологиялық тұрғыдан алатын соққысы жанын жаралап, өлімнен де бетер азапқа душар етеді. Айта кетейік, Иран заңнамасы бойынша өлім жазасына кешірілмейтін қылмыс жасаған қыз балалар 9 жасынан бастап кесіледі, ал ер балаларға 15 жасынан бастап ең ауыр жаза қолданылады. Мәліметке қарағанда, Иранда кем дегенде жасы 18-ден төмен 90 жасөспірім өлім жазасына кесілген екен. 

0 пікір
Мұрағат