Иранда 21 саяси тұтқын өлім жазасынан қаза тапты. Олардың бәрі сүнниттер
Иранда 21 саяси тұтқын өлім жазасынан қаза тапты. Олардың бәрі сүнниттер
8 жыл бұрын 2936 Өлім жазасына кесілген сүннит тұтқындар

Кеше, яғни, тамыз айының 2-сі күні Иранда 21 саяси тұтқын жазаланды. Олардың бәрі сүнниттер. Тағы 17 сүннит тұтқын жазаланатыны белгілі болды. «әл-Арабия» ақпарат көзінің тілшісімен тілдескен Иранның ұлттық қарсылық көрсету кеңесінің сыртқы байланысқа жауапты комитет мүшесі Мұса Афшардың айтуынша, оларға өлім жазасы қолданылған. Бұл тұтқындардың көбісін елдің қауіпсіздік қызметі 2009-2011 жылдар аралығында Иранның батысындағы Күрдістан мен шығысындағы  Белужистанда тұтқындаған болатын. Оларға «мемлекетке қарсы насихат жүргізді, астыртын сөз байласты, сәлафшылардың қатарынан табылды» деген айып тағылған болатын.

0 пікір
Мұрағат